The first work is Windows 7

Астыңғы жағы
ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Бөлік Сипаттама
(1) Қызмет көрсетуге арналған қақпақ Ішінде қатты диск, сымсыз желі модулі ұясы,
сымсыз кең аймақ желісінің ұясы (тек таңдаулы
үлгілерде) жəне жад модулінің ұялары болады.
ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау
үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе
аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші
үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат
еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Модульді ауыстырғаннан кейін, ескерту хабары
алынса, компьютер жұмысын қалпына келтіру үшін,
модульді шығарып, Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) арқылы қолдау көрсету
қызметіне хабарласыңыз.
(2) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын
қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы
қалыпты жағдай.
(3)
NFC (Аясы жақын сымсыз байланыс)
антеннасы
HP TouchZone арқылы сымсыз қосылуға,
байланысуға жəне деректер мен ақпаратты NFC
технологиясымен үйлесімді құрылғыларға беруге
жəне құрылғылардан алуға болады.
Астыңғы жағы 15