The first work is Windows 7

Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Компьютерде зауытта қосылған қуатты үнемдеудің екі күйі бар: Ұйқы күйі жəне күту күйі.
Ұйқы күйі қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмыс жадқа сақталады
жəне күту күйіне қарағанда ұйқы күйінен жылдамырақ шығуға мүмкіндік береді. Компьютер ұзақ
мерзім үшін ұйқы күйінде болғанда немесе ұйқы күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге
жеткенде, компьютер күту
күйіне қосылады.
Күту күйі қосылғанда, жұмыс қатты дискідегі күту күйінің файлына сақталады жəне компьютер
өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалуы қаупін азайту үшін, дискіден не
сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы немесе күту күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам қосу технологиясы, тек таңдаулы
үлгілерде)
Таңдаулы үлгілерде зауытта Intel RST (Intel Rapid Start Technology - Жылдам қосу
технологиясы) мүмкіндігі қосылады. RST мүмкіндігі күту күйінен бірден қосылуға мүмкіндік
береді.
RST мүмкіндігі қуатты үнемдеу опцияларын келесі жолдармен басқарады:
Ұйқы режимі: RST мүмкіндігі ұйқы режимін таңдауға мүмкіндік береді. Ұйқы күйінен шығу
үшін кез келген пернені басыңыз, сенсорлы тақтаны іске қосыңыз немесе қуат түймешігін
тез басып қалыңыз.
Күту күйі: RST мүмкіндігі
күту күйін ұйқылық күйдегі компьютерде не батарея қуатымен, не
сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не болмаса батареяның заряды тым
төмен деңгейге жеткенде қосады. Күту күйінен шығып, жұмысты жалғастыру үшін, қуат
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: RST мүмкіндігін Setup Utility (BIOS) бағдарламасында өшіруге болады. Күту күйін
қосқыңыз келсе, қуат параметрлерінде пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйі параметрін
таңдауыңыз тиіс.
Күйін қосу жəне одан шығу 36-бетте бөлімін қараңыз.
Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу
Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша ұйқы күйі батареяда немесе сыртқы қуат көзінде
болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасындағы «Параметры
электропитания» (Қуат параметрлері) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Қуат параметрлерін орнату 35