The first work is Windows 7

Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқы күйін қосуға
болады:
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Дисплейді жабыңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау) түймешігіне жақын
орналасқан көрсеткіні нұқып, одан кейін Спящий режим (Ұйқы күйі) белгішесін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
Компьютер күту режимінен
шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экранда
жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Күйін қосу жəне одан шығу
Жүйе зауытта не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не
болмаса батареяның заряды тым төмен деңгейге жеткенде күту күйіне қосылатын етіп
орнатылған.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасында өзгертуге болады.
Күту күйін қосу үшін
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Завершение работы (Жұмысты аяқтау) түймешігіне жақын
орналасқан көрсеткіні нұқыңыз,
одан кейін Режим ожидания (Күту күйі) белгішесін
нұқыңыз.
Күту күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Қуат көрсеткішін қолдану
Қуат өлшегіш хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын
көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін,
меңзерді қуат өлшегіш белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат өлшегіш белгішесін
басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде, белгіше хабар шығарады.
36 Бап 6 Қуатты басқару