The first work is Windows 7

Қуат жоспарларын пайдалану
Қуат жоспары компьютердің қуатты пайдалану жолын басқаратын жүйелік параметрлердің
жинағы. Қуат жоспарлары қуатты үнемдеуге немесе өнімділікті арттыруға көмектеседі.
Ағымдағы қуат жоспарын қарап шығу
Мына əдістердің кез келгенін пайдаланыңыз:
Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат
өлшегіш белгішесін басыңыз.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз.
Басқа қуат жоспарын таңдау
Мына əдістердің кез келгенін пайдаланыңыз:
Хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіш белгішесін басып, тізімнен қуат жоспарын
таңдаңыз.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдап, тізімнен
элементті таңдаңыз.
Қуат жоспарларын өзгерту
1. Хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіш белгішесін басып, Дополнительные
параметры электропитания (Қосымша қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
немесе
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз.
2. Қуат жоспарын таңдаңыз, одан кейін Изменить параметры схемы электропитания
(Жоспар параметрлерін өзгерту) пəрменін таңдаңыз.
3.
Қажетінше параметрлерді өзгертіңіз.
4. Қосымша параметрлерді өзгерту үшін, Изменить дополнительные параметры питания
(Қуаттың қосымша параметрлерін өзгерту) тармағын таңдаңыз да, өзгертулерді енгізіңіз.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Компьютер ұйқы немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін,
осы қадамдарды орындаңыз:
1. Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Электропитание (Қуат параметрлері) тармақтарын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау)
тармағын таңдаңыз.
3. Изменение
параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
Қуат параметрлерін орнату 37