The first work is Windows 7

Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, қызметтік жапсырма мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет
көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу үшін
1. Сервистік қақпақты дұрыстап туралай отырып, оны орнына салыңыз (1) жəне қақпақ өз
орнына түскенше оны батарея орнына қарай сырғытыңыз (2).
2. Техникалық қызмет көрсетуге арналған орынды өзіңізге
қаратып, қажет болса, шағын SD
картасының жақтауын орнына салыңыз. Блоктың ортасына кірістірілген үш бұранданы
жəне блоктың алдынғы жағында орналасқан екі бұранданы бұрап қатайтыңыз (3). Жиектегі
бұрандаларға арналған резеңке қақпақтарды орнына салыңыз. Одан кейін сервистік
қақпақтың ортасында орналасқан екі бұранданы бұрап қатайтыңыз (4).
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсетуге
арналған есіктің астында сақталады.
3. Батареяны компьютерге салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 53-бетте бөлімін
қараңыз).
56 Бап 8 Күтім