The first work is Windows 7

9 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Ақпаратты қорғау мақсатында, жеке файлдар мен қалталардың сақтық көшірмесін, бүкіл қатты
дисктің сақтық көшірмесін (тек таңдаулы үлгілерде), орнатылған оптикалық диск жетегін (тек
таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені
жөндеу дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
үшін Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігін пайдаланыңыз. Жүйе
істемей қалғанда, компьютердің мазмұнын сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге
болады.
Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралының төмендегідей
мүмкіндіктері бар:
Орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы
оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискісін жасау
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе бейнесін жасау (тек таңдаулы үлгілерде)
Автоматты сақтық
көшірме жасауды жоспарлау (тек таңдаулы үлгілерде)
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
Жеке файлдарды қалпына келтіру
Компьютерді алдыңғы күйіне қалпына келтіру
Қалпына келтіру құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Толық нұсқауларды Справка и Поддержка (Анықтама жəне қолдау) ішінен іздеңіз.
Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып шығаруды жəне
кейін пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске
қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден
рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз.
63