The first work is Windows 7
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану қатты диск мазмұнын толығымен
өшіріп, қатты дискіні қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған
кез келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта
орнатылған амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады.
Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек болады.
Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Пуск (Бастау) түймешігін
басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Управление
(Басқару) пəрменін, одан кейін Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен
бағдарламаларды Windows 7 амалдық жүйесі DVD дискісін жəне «Драйверді қалпына
келтіру» дискісін пайдалану арқылы (екеуі бөлек сатылады) қалпына келтіруіңіз тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін 
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану 67-бетте бөлімін қараңыз.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз жəне
экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін (бөлек сатылады)
пайдалану
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, қолдау қызметімен
хабарласыңыз. АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін 
http://www.hp.com/go/contactHP
мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз. Сондай-ақ, қолдау
көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD дискісіне тапсырыс бере аласыз. Байланыс
ақпаратын алу үшін компьютермен бірге жіберілген Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік
телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін
толығымен өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен
компьютерге орнатылған кез келген бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта
пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін:
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 7 амалдық жүйесінің DVD дискісін
Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 67










