The first work is Windows 7

1 Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
Интернетке қосылуИнтернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты
Желі байланысын орнату 17-бетте бөлімінен қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңартувирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да,
тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады. Қосымша ақпаратты HP ноутбугінің
анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану туралы нұсқауларды
Ақпаратты табу 2-бетте атты бөлімнен қараңыз.
Компьютермен танысукомпьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар 44-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Орнатылған бағдарламалық құралды табукомпьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қарау үшін қолданылады. Пуск (Бастау) > Все
программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін
бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақпаратты бағдарламалық құралдың
өндірушісі берген нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге
берілуі немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
1