User Guide - Windows 10

Амалдық жүйе туралы ақпарат
Жүйе туралы маңызды ақпарат планшеттің төменгі шетінде немесе артында орналасқан (таңдаулы
өнімдерде ғана). Ақпарат шетелге саяхатқа шыққанда немесе қолдау қызметімен хабарласқан кезде
қажет болуы мүмкін.
Сериялық нөмір
Өнім нөмірі
Ережелер туралы ақпарат
Планшет параметрлерін өзгерту
Көрініс пен экран жарықтығын өзгерте аласыз.
Планшет көрінісін өзгерту
Планшет бағдары немесе көрінісі альбомдық бағдардан портреттік бағдарға немесе портреттік
бағдардан альбомдық бағдарға автоматты түрде өзгереді.
1. Планшет көрінісін альбомдық бағдардан портреттік бағдарға өзгерту үшін:
Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа оң жаққа (сағат тілімен бағыттас) бұрыңыз.
2. Планшет көрінісін портреттік бағдардан альбомдық бағдарға өзгерту үшін:
Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа сол жаққа (
сағат тіліне қарсы бағытпен) бұрыңыз.
Планшеттің авто-айналуды құлыптау функциясын қолдану
Планшеттің авто-айналуды құлыптау функциясын қосу үшін:
Планшеттің жоғарғы шетіндегі авто-айналуды ауыстырып қосу түймесін сырғытыңыз.
немесе
1. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер) бөлімін түртіңіз.
2. Планшеттің ағымдағы экранын тұрған жерінде құлыптау және оның айналуын болдырмау үшін
экрандағы белгішені түртіңіз. Авто-айналу құлпы қосулы кезде құлып белгішесі көрсетіледі.
Планшеттің авто-
айналдыруды құлыптау функциясын өшіру үшін:
Планшеттің жоғарғы шетіндегі авто айналдыруды ауыстырып қосу түймесін қайта сырғытыңыз.
немесе
1. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер) бөлімін түртіңіз.
2. Төменгі оң жағындағы Экран таңбасын түртіңіз, одан кейін авто-айналу құлпының белгішесін
қайта түртіңіз.
Планшеттің экран жарықтығын реттеу
Экран жарықтығын реттеу үшін:
1. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер) бөлімін түртіңіз.
2. Экранның төменгі оң жағында орналасқан Экран белгішесін түртіңіз. Экран жарықтығын
басқаратын тік сырғытпа көрсетіледі.
Амалдық жүйе туралы ақпарат 9