User Guide - Windows 10
ЕСКЕРТПЕ: Сонымен қатар тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы Счетчик питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін түртіп, Регулировать яркость экрана
(Экран жарықтығын реттеу) пәрменін таңдауға және экранның төменгі жағындағы Яркость экрана
(Экран жарықтығы) параметрінің жанындағы сырғытпаны жылжытуға болады.
Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы
мәліметтерді табу
Планшетте орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту
Көптеген бағдарламалық құралдар, соның ішінде амалдық жүйе, өндіруші немесе провайдер
тарапынан жиі жаңартылып отырады. Планшет зауыттан шығарылғаннан кейін онда орнатылған
бағдарламалық құралдардың маңызды жаңартулары пайда болуы мүмкін.
Кейбір жаңартулар планшеттің қосымша бағдарламалық құралға немесе сыртқы құрылғыларға жауап
беру жолына әсер етуі мүмкін. Жаңартулардың көбі жақсартылған қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Амалдық жүйе мен планшетте
орнатылған басқа да бағдарламалық құралдарды Интернетке
қосылған сайын жаңартып отырыңыз. Жаңартуларды
http://www.hp.com HP веб-сайтынан қарауға
болады.
Шағын SIM картасын енгізу және шығару
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін шағын SIM картасын орналастыру кезінде
қатты күш салмаңыз.
Шағын SIM картасын енгізу не шығарып алу үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Планшеттің жұмысын аяқтаңыз.
2. Планшетке жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Қағаз қыстырғыштың бір ұшын микро SIM саңылауына қол жеткізу тесігіне кіргізіп (1), қол жеткізу
есігін ашыңыз (2).
10 2-тарау Бөліктер










