User Guide - Windows 10
2 саусақ көмегімен қысып масштабтау
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суреттерді немесе мәтінді кішірейтуге немесе
үлкейтуге мүмкіндік береді.
●
Үлкейту үшін екі саусақты дисплейге қойып, олардың арасын ашыңыз.
●
Кішірейту үшін екі саусақты дисплейге арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын
жақындатыңыз.
Экрандағы пернетақтаны пайдалану
Сізге мәліметтерді деректер жолағына енгізуге қажет болу мүмкін. Бұл сымсыз желі конфигурациясын
орнату кезінде, ауа райы туралы мәліметтер алу орнын орнатқанда немесе Интернет тораптарында
пайдаланушы есептік жазбаларына кіру кезінде талап етіледі. Планшетте экрандық пернетақта бар
және ол ақпаратты деректер жолақтарына енгізу қажет болған кезде көрсетіледі.
1. Экрандық пернетақтаны көрсету үшін бірінші деректер жолағын
түртіңіз. Пернетақта көрсетіледі.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі навигация аумағындағы пернетақта белгішесін
түртіңіз.
2. Деректер жолағында атын немесе сөзді тергенше қажет таңбаларды түртуді жалғастырыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пернетақтаның үстінгі жағында сөздер мысалдары ұсынылуы мүмкін. Егер қажет сөз
көрсетілсе, оны таңдау үшін түртіңіз.
3. Пернетақтадағы enter пернесін түртіңіз.
Экрандағы пернетақта параметрлерін өзгерту үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне параметры (параметрлер) сөзін теріп, Параметры
(Параметрлер) опциясын таңдаңыз.
2. Изменение параметров компьютера (компьютер параметрлерін өзгерту),Компьютер и
устройства (компьютер және құрылғылар), Ввод (теру) пәрмендерін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Экрандағы пернетақтаны пайдалану 17










