User Guide - Windows 10
5 Мультимедиа
Аудио
HP планшетінде музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде
радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге
болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс
құрылғыларын жалғаңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін дыбыс түймелері арқылы реттеуге болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық,
қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулерінен қараңыз. HP Support Assistant бөліміне кіру үшін
тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін теріңіз, HP Support Assistant
қолданбасын, Мой ПК (Компьютерім) белгішесін, Спецификации (
Сипаттамалар) қойындысын түртіп,
Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе және кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге болады.
Гарнитураны қосу
Сымды құлақаспаптарды планшеттегі құлақаспаптарға арналған ұяға қосуға болады. Жоғарғы
жағы (7-бет) бөлімін қараңыз.
Планшетке сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды және құлақаспаптарды киер
алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік және
экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Планшеттегі аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Жазу кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Планшеттегі дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін
жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс) пәрмендерін
түртіңіз.
Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойыншасын түртіңіз. Программные
события (Бағдарламалар оқиғалары) қызметі
арқылы сигнал немесе ескерту дыбысы сияқты кез
келген дыбысты таңдаңыз және Проверка (Сынау) түймешігін басыңыз. Дыбысты үндеткіштер
немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Аудио 19










