User Guide - Windows 10
Тазалау қадамдары
Планшетті қауіпсіз тазалау үшін осы бөлімде берілген нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы құралды
тазаламаңыз:
Планшетті өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды планшет
порттарының беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына
әкелуі мүмкін. Барлық порттар мен К/Ш есіктерін жабыңыз.
Дисплейді тазалау
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз әйнек тазалау құралына малынған шүберекпен жайлап
сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оны құрғатып алу керек.
Компьютердің шеттері мен қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау және зарарсыздандыру үшін, жоғарыда аталған тазалау
сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет
пайдаланылатын бактерицидті сүркіні пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Планшеттің жапқышын тазалау кезінде, ластануды және қоқымдарды кетіру үшін
айналма қозғалыстар жасаңыз.
Планшетті сапарға алып шығу
Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына
кеңестерді орындаңыз:
●
Планшетті сапарға шығуға немесе жіберуге дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз.
◦
Жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарын шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Планшетке, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін азайту
үшін, дискімен бірге жіберу, сақтау немесе сапарға шығу
алдында, медианы диск жетегінен
алып тастаңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Планшеттің жұмысын аяқтаңыз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді планшеттен
бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен жол жүргенде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
Планшетті сапарға алып шығу 39










