User Guide - Windows 10

ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің әсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары әуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында
болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған әуежайлардағы конвейерлік жолдар және
соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сәулелерін қолданады да,
дискілерге зиян келтірмейді.
Әуе сапары кезінде планшетті қолдануға рұқсат беру әуе компаниясының құзырында. Ұшу
кезінде планшетті қолдану үшін, алдын ала әуе компаниясынан рұқсат алыңыз.
Планшетті пошта арқылы жібергенде, қорғаныш орау материалдарын пайдаланып, орамын
FRAGILE (осал зат) жапсырмасымен белгілеңіз.
Егер планшетте, мысалы, 802.11b/g, GSM (ұялы байланыстың ғаламдық жүйесі), немесе GPRS
(жалпы қалта радио қызметі) құрылғысы сияқты сымсыз
құрылғы орнатылған болса, бұл
құрылғыларға кейбір орталарда тыйым салынғанын ескеріңіз. Ұшақтарда, ауруханаларда,
жарылғыш заттардың жанында және қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер
белгілі бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын
рұқсат сұраңыз.
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
Өзіңіз баратын әр елдің/аймақтың компьютерге қатысты
кедендік ережелерін тексеріңіз.
Планшетті қолданылатын әр жердегі қуат сымы мен адаптеріне қойылатын талаптарды
тексеріңіз. Кернеу, жиілік және қосу параметрлері әртүрлі болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты қауіпті
азайту үшін, планшетті жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы арқылы
қоспаңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
40 8-тарау Күтім