User Guide - Windows 8.1
(3) Артқы веб-камера Бейнелер жазуға, фотосуреттер түсіруге жəне
бейне ағынмен ойнату арқылы бейне
конференциялары мен желіде əңгімелесу
сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Веб-камераны қолдану үшін, Бастау
экранынан YouCam бағдарламасын басыңыз
немесе шебер түймелерді шығару үшін
сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипап
өтіңіз, одан кейін Search (іздеу) жəне іздеу
терезесін басыңыз. Іздеу терезесінен с əрпін
теріп, одан
кейін CyberLink YouCam тармағын
таңдаңыз.
(4)
Дыбыс деңгейін арттыру түймешігі Дыбыс деңгейін жоғарылату үшін түймешіктің
жоғарғы шетін басыңыз.
(5)
Дыбыс деңгейін азайту түймешігі Дыбыс деңгейін төмендету үшін түймешіктің
төменгі шетін басыңыз.
(6) Ережелер туралы ақпарат Ережелерді көрсетеді (таңдаулы үлгілерде
ғана).
Амалдық жүйе туралы
ақпарат 8-бетте бөлімін қараңыз.
Жоғарғы жағы
Бөлік Сипаттама
(1)
Аудио-шығыс (құлаққап) ұясы/Aудио-кіріс
(микрофон) ұясы
Қосымша токқа қосылатын стерео динамиктерге,
құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидардың дыбыс ұясына
қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында,
дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін,
Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық
ескертпелерін қараңыз. Пайдаланушы
нұсқаулықтарына қол жеткізу үшін, Бастау экранындағы
HP Support Assistant қолданбасын таңдап, Менің
компьютерім, содан кейін Пайдаланушы
нұсқаулықтары тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, планшет
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(құлақаспап) жəне аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сəйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
6 Бап 2 Планшетпен танысу










