User Guide - Windows 8.1
3 Желіге қосылу
Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшет пен сымсыз не сымды
желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-
тораптардағы ақпараттарға қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен
байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Планшет келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
● Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы — планшетті корпоративті офистер, үй жəне
əуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер жəне университеттер сияқты қоғамдық
орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз
жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде палншеттегі мобильді
сымсыз құрылғы
сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
●
Bluetooth құрылғысы компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
жəне камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға қосылу үшін жеке
аймақ желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі əр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей
байланысады жəне бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, əдетте бір-бірінен 10 метр
(шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс
.
Сымсыз технология жөнінде қосымша мəлімет алу үшін, HP Support Assistant
бағдарламасындағы ақпаратты жəне веб-тораптар сілтемелерін қараңыз. HP Support Assistant
бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant қолданбасын
түртіңіз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға,
сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік
береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Саусағыңызды сенсорлы экранның оң жақ жиегінен жылжытып, шебер түймелерді
шығарып алыңыз, Настройки (Параметрлер) тармағын, одан кейін Панель управления
(Басқару тақтасы) тармағын түртіңіз.
2. Сеть
и Интернет (Желі жəне Интернет), одан кейін Центр управления сетями и общим
доступом (Желілер мен ортақ пайдалану аймағы) тармағын түртіңіз.
Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant
бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant қолданбасын
түртіңіз.
Сымсыз желіге қосылу 11










