User Guide - Windows 8.1

ақпаратының ішінде берілуі немесе мобильді желі операторы оны планшеттен бөлек беруі
мүмкін.
SIM картасын салу жəне шығару туралы ақпаратты алу үшін, осы тараудың
SIM картасын салу
жəне шығару 15-бетте бөлімін қараңыз.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы жəне таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу əдісі туралы мəліметтер алу үшін, планшетке енгізілген НР мобильді кең
жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз.
SIM картасын салу жəне шығару
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде
қатты күш салмаңыз.
SIM картасын алу немесе салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Планшетке жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Қағаз қыстырғыштың бір ұшын микро SIM саңылауына қол жеткізу тесігіне кіргізіп (1), қол
жеткізу есігін ашыңыз (2).
5. SIM картасын SIM саңылауына енгізіңіз (3), одан кейін оны итеріп, бекітіңіз.
немесе
SIM картасын саңылаудан шығару үшін, картаны қайта басыңыз.
Сымсыз желіге қосылу 15