User Guide - Windows 8.1

Экрандағы пернетақтаны пайдалану
Сізге мəліметтерді деректер жолағына енгізуге қажет болу мүмкін. Бұл сымсыз желі
конфигурациясын орнату кезінде, ауа райы туралы мəліметтер алу орнын орнатқанда немесе
Интернет тораптарында пайдаланушы есептік жазбаларына кіру кезінде талап етіледі.
Планшетте экрандық пернетақта бар жəне ол ақпаратты деректер жолақтарына енгізу қажет
болған кезде көрсетіледі.
1. Пернетақта Бастау экранында падй болу үшін, бірінші
деректер жолағын түртіңіз.
Пернетақта көрсетіледі.
немесе
Пернетақтаны Windows жұмыс үстелінде көрстеу үшін , тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы пернетақта белгішесін басыңыз.
2. Деректер жолағында атын немесе сөзді тергенше қажет таңбаларды түртуді
жалғастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның үстінгі жағында сөздер мысалдары ұсынылуы мүмкін. Егер
қажет сөз көрсетілсе, оны таңдау үшін түртіңіз.
3. Пернетақтадағы enter пернесін түртіңіз.
Экрандағы пернетақта параметрлерін өзгерту үшін:
1. Шебер түймелерді көрсету мақсатымен саусақты сенсорлы тақтаның оң жақ жиегінен
жылжытыңыз да, Параметры (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Изменение параметров компьютера (компьютер параметрлерін өзгерту),Компьютер и
устройства (компьютер жəне құрылғылар), Ввод (теру) пəрмендерін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Сандық қаламды пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Қаламға батареяны салу үшін:
1. Қаламды бұрап алыңыз.
2. Ескі батареяны алып, қайта қолдану орталығына өткізіңіз.
3. Жаңа батаеряны салыңыз.
22 Бап 4 Түрту қимылдарын пайдаланып шолу