User Guide - Windows 8.1

Батарея қуатын үнемдеу
Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сиапап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу)
түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз. Іздеу жолағына питание (қуат)
сөзін теріп, Параметры (Параметрлер) тармағын, содан кейін Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз немесе бөлімін қараңыз.
Қуат параметрлері арқылы қуат үнемдеу параметрін таңдаңыз.
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды жəне LAN байланыстарын
өшіріңіз.
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
Экран жарықтығын азайтыңыз.
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін қосыңыз немесе планшетті өшіріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда планшет батареясын зарядтамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, планшетпен
бірге жабдықталған айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз еткен ауыстырғыш айнымалы ток
адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі
Орнату нұсқаулары парақшасынан қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Төмендегі жағдайлар орын алса, компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
Батарея зарядталып тұрса.
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосқанда.
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютерді сыртқы
айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар орын алады:
Батарея зарядтала бастайды.
Планшет қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіш белгішесінің түрі
өзгереді.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
Планшет батарея қуатына көшеді.
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде
азаяды.
30 Бап 6 Қуатты басқару