User Guide - Windows 8.1
8 Қауіпсіздік
Планшетті қорғау
Windows амалдық жүйесі жəне Computer Setup арқылы берілген стандартты қауіпсіздік
мүмкіндіктері жеке параметрлеріңізді жəне деректерді əртүрлі қауіптерден қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Планшетті қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпия файлдардың сақтық
көшірмелерін жасап, файлдарды жəне құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұл тарауда сипатталған кейбір функциялар планшетте болмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Планшет Ең жоғарғы дерек қорғау бағдарламасын қолдайды. Егер планшет
жоғалса немесе ұрланса, оның тұрған орнын анықтап, бекітіп тастауға болады жəне жеке
деректерді алыстан құртуға болады. Планшет Интернетке қосылып тұруы тиіс.
Планшет үшін қауіп-қатер Қорғау қызметі
Планшетті рұқсатсыз қолдану HP клиент қауіпсіздік қызметін құпиясөз немесе басқа
растау талаптарымен бірге қолдану
Computer Setup параметрлеріне жəне басқа жүйені
анықтау ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup құралындағы BIOS əкімші құпия сөзі
Рұқсатсыз қосымша сыртқы флэш драйвынан бастау Computer Setup құралындағы жүктеу опциялары
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
Windows пайдаланушы құпия сөзі
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану ● HP драйвын шифрлау бағдарламасы
●
Windows қорғағышы
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — планшет ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия
сөздер Windows жүйесінде немесе планшетте алдын ала орнатылған Computer Setup арқылы
тағайындалады.
●
Орнату құпия сөздері Computer Setup утилитасында орнатылып, жүйенің BIOS
бағдарламасы арқылы басқарылады.
●
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін
келесі кеңестерді орындаңыз.
●
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
●
Бір құпяисөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз жəне Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен вебсайттар үшін қолданбаңыз.
Планшетті қорғау 33










