User Guide - Windows 8.1

10 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Ақпаратты қорғау үшін, Windows Backup and Restore бағдарласымен жеке файлдардың жəне
қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін
жасаңыз, қосымша сыртқы флэш драйвын немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін
пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені
қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. Жүйе жұмыс істемей қалғанда, планшеттің мазмұнын
сақтық көшірме файлдарымен қалпына келтіруге
болады.
1. Сенсорлы экранның оң жақ шетінен сипап шебер түймелерді шығарыңыз, Поиск (іздеу)
түймешігін түртіңіз, одан кейін іздеу жолағын басыңыз.
2. Іздеу жолағына восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазып, көрсетілген опциялар
тізімінен таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау жəне қпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат
алу үшін Windows жүйесіндегі анықтама жəне қолдау бөлімін қараңыз.
Жүйе тұрақсыз болса, HP компаниясы қалпына келтіру процедураларын басып шығаруды жəне
кейін пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынады.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесі планшеттің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы есептік
жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске
қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден
рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін «Справка и поддержка»
(Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына
келтіру дискілерін жəне бастапқы сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама
жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз
ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып
отыруын жалғастыру қажет.
Windows сақтық көшірме жасау мүмкіндіктері туралы қосымша ақпаратты жəне нұсқауларды
«Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) бағдарламасынан қараңыз.
38 Бап 10 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру