User Guide - Windows 8.1
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
● Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты
қалпына келтіруге болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің
көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды
шешуге болады.
●
f11 қалпына
келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі жəне
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРІМ: Егер планшет қосылмаса (бастау) жəне бұрын жасалған (кейбір үлгілерде ғана)
жүйені қалпына келтіру медиасын қолдану мүмкін болмаса, қолдау көрсету орталығына
хабарласаңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Ақпаратты бұрын жасалған сақтық көшірмеден қалпына келтіру үшін файлдар мен қалталарды
қалпына келтіру туралы нұсқауларды Windows «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау)
бағдарламасынан қараңыз.
Автоматты түрде жөндеу көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына қадамдарды
орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта пішімдейді.
Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал
біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру
сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды
жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
ЕСКЕРІМ: Ол үшін үшін сыртқы пернетақта, тінтуір жəне сыртқы флэш карта қажет болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, бейнені қалпына келтіру бөлімінің жəне Windows бөлімінің бар-жоғын
тексеріңіз. Сенсорлы тақтаның оң жақ жиегін сипаңыз, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп,
іздеу жолағын басыңыз. Файл сөзін жазып, Проводник (файл іздеуші) қолданбасын
түртіңіз.
3. Windows жəне бейнені қалпына келтіру бөлімдері тізімде болса, компьютерді өшіріңіз.
4.
Планшетті қосу үшін, Қуат түймесі мен Дыбысын азайту түймелерін қатар басыңыз.
Бастау мəзірі көрсетіледі.
5. Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) пəрменін таңдап, Дополнительные
параметры (Қосымша параметрлер) опциясын жəне Восстановление при загрузке
(Қосылғанда жөндеу) параметрін таңдаңыз.
6. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін, Windows жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) қызметінен осы
тақырыптарды іздеңіз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 39










