User Guide - Windows 8.1

11 Computer Setup жəне HP PC Hardware
Diagnostics (UEFI) қолданбасын
пайдалану
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе F10 BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер
планшеттің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
Computer Setup бастау үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Планшетті қосу үшін, Қуат түймесі мен Дыбысын азайту түймелерін қатар басыңыз.
Бастау мəзірі көрсетіледі.
3. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау
Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау үшін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Планшетті қосу үшін, Қуат түймесі мен Дыбысын азайту түймелерін қатар басыңыз.
Бастау мəзірі көрсетіледі.
3. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Таңдау үшін мəзірді немесе мəзір элементін түртіңіз.
Ашық тұрған терезелерді жабу жəне негізгі Computer Setup экранына оралу үшін,
Escape
пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Computer Setup мəзірінен өзгерістерді сақтамай шығу үшін, Главное (негізгі), Выйти,
проигнорировав все изменения (өзгерістерді елемей шығу) пəрмендерін таңдап,
экрандағы нұқсауларды орындаңыз.
5. Өзгерістерді сақтап шығу үшін, Главное (негізгі), Выйти, сохранив изменения
(өзгерістерді сақтап шығу) пəрмендерін таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Computer Setup пайдалану 41