User Guide - Windows 8.1

Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру
ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мəндеріне қайтару үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Планшетті қосу үшін, Қуат түймесі мен Дыбысын азайту түймелерін қатар басыңыз.
Бастау мəзірі көрсетіледі.
3. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
4. Главное (негізгі), одан кейін Восстановить по умолчанию (бастапқы параметрлерін
қалпына келтіру) пəрмендерін түртіңіз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
6. Өзгерістерді сақтап шығу үшін, Выйти, сохранив изменения (өзгерістерді сақтап шығу)
пəрмендерін таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
ЕСКЕРІМ: Құпия сөз, қауіпсіздік жəне тіл параметрлері зауыттың əдепкі параметрлерін
сақтағанда өзгертілмейді.
BIOS жүйесін жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат
беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесінің нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының қазір орнатылғандарынан кейінірек шыққан BIOS
нұсқаларын қамтитынын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасы (ROM деректері жəне Жүйе BIOS атауларымен белгілі) туралы ақпаратты
көрсету үшін,
Computer Setup пайдалану 41-бетте бөлімін қараңыз.
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Планшетті қосу үшін, Қуат түймесі мен Дыбысын азайту түймелерін қатар басыңыз.
Бастау мəзірі көрсетіледі.
3. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
4. Главное (негізгі), одан кейін Сведения о системе (жүйе туралы ақпарат) пəрмендерін
таңдаңыз.
42 Бап 11 Computer Setup жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) қолданбасын пайдалану