User Guide - Windows 8.1
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
6. Computer Setup мəзірінен өзгерістерді сақтамай шығу үшін, Главное (негізгі), Выйти,
проигнорировав все изменения (өзгерістерді елемей шығу) пəрмендерін таңдап,
экрандағы нұқсауларды орындаңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Планшетке зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS
жаңарту файлын планшет айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған
кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп
тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына немесе қосымша қуат көзіне жалғанғанда, BIOS
жаңартуын жүктеуге немесе орнатуға болмайды. Жүктеп алу жəне орнату барысында мына
нұсқауларды орындаңыз:
Планшетті өшіргенде қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратып өшірмеңіз.
Планшеттің жұмысын аяқтамаңыз немесе планшетте ұйқылық күйді қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. HP Support Assistant (HP қолдау көрсету) бағдарламасын ашу үшін бастау экранынан HP
Support Assistant қолданбасын таңдаңыз.
2. Обновления и подстройки (Жаңартулар мен реттеулер), одан кейін Проверить наличие
обновления для НР сейчас (HP жаңартуларын қазір тексеру) опциясын таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір планшетте орнатылған BIOS
нұсқасымен салыстырыңыз.
Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын
жазып алыңыз. Бұл ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны
табу үшін қажет болуы мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер жаңарту сіздегі BIOS нұсқасынан жаңа болса, қатты дискідегі BIOS жаңартуы
жүктеп алынатын орынға апаратын жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға
дайын
болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
ЕСКЕРІМ: Егер планшет желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын,
əсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік əкімшімен
байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Сенсорлы тақтаның оң жақ жиегін сипаңыз, Поиск (Іздеу) түймешігін түртіп, іздеу жолағын
басыңыз. Файл сөзін жазып, Проводник (файл іздеуші) қолданбасын түртіңіз.
2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Əдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған
қатты
диск болып табылады.
3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту файлы орналасқан қатты дискідегі
қалтаны тауып ашыңыз.
Computer Setup пайдалану 43










