User Guide - Windows 8.1
а Планшетті сапарға алып шығу
Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына
кеңестерді орындаңыз:
●
Планшетті сапарға шығуға немесе жіберуге дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз.
◦
Жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарын шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Планшетке, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін
азайту үшін, дискімен бірге жіберу, сақтау немесе сапарға шығу алдында, медианы
диск жетегінен алып тастаңыз.
◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Планшетті өшіріңіз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
планшеттен бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен жол жүргенде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
Қол жүгін тексеретін əуежай конвейер таспалары жəне осыған ұқсас қауіпсіздік
құрылғылары магнетизм орнына рентген сəулелерін қолданады жəне ол дискіге зақым
келтірмейді.
●
Əуе сапары кезінде планшетті қолдануға рұқсат беру əуе компаниясының құзырында. Ұшу
кезінде планшетті қолдану үшін, алдын ала əуе компаниясынан рұқсат алыңыз.
●
Планшетті пошта арқылы жібергенде, қорғаныш орау материалдарын пайдаланып,
орамын “FRAGILE” (осал зат) жапсырмасымен белгілеңіз.
●
Егер планшетте, мысалы, 802.11b/g, GSM (ұялы байланыстың ғаламдық жүйесі), немесе
GPRS (жалпы қалта радио қызметі) құрылғысы сияқты сымсыз құрылғы
орнатылған болса,
бұл құрылғыларға кейбір орталарда тыйым салынғанын ескеріңіз. Ұшақтарда,
ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында жəне қауіпті орталарда осындай
шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты
білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз.
●
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
◦
Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге
қатысты кедендік
ережелерін тексеріңіз.
◦ Планшетті қолданылатын əр жердегі қуат сымы мен адаптеріне қойылатын
талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуы, өрт шығуы немесе жабдықтың зақымдануы сияқты
қауіпті азайту үшін, планшетті жабдықтар үшін сатылатын кернеуді түрлендіру жинағы
арқылы қоспаңыз.
47










