User Manual (Windows Embedded)
Бөлік Сипаттама
(1)
Аудио-шығыс (құлаққап) ұясы/Aудио-кіріс
(микрофон) ұясы
Қосымша токқа қосылатын стерео динамиктерге,
құлақаспаптарға, тығын тәріздес құлақаспаптарға,
гарнитураға немесе теледидардың дыбыс ұясына қосылған
кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша
гарнитура микрофонын қосады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат
 алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарын ашу үшін Пуск
(Бастау) > Hewlett-Packard > Документация HP (НР
құжаттары) пәрмендерін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, планшет
үндеткіштері ажыратылады.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс (құлақаспап)
және аудио кіріс (микрофон) ұяларының екеуіне сәйкес
келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне көз жеткізіңіз.
(2)
Авто-айналдыруды ауыстырып қосу Планшет қосылып тұрғанда дисплейдің авто-айналдыру
функциясын бекіту үшін, авто-айналдыру ауыстырып
қосқышын сырғытыңыз. Авто-айналдыру функциясын қосу
үшін, ауыстырып қосқышты қайта сырғытыңыз.
– немесе –
Сенсорлы экранның оң жақ жиегін сипап шебер түймелерді
шығарып алыңыз, Параметры (Параметрлер) пәрменін
таңдаңыз, экран таңбасын түртіңіз, одан кейін авто-
айналдыру таңбасын түртіңіз. Авто-айналдыру құлпын
 ашу
үшін, авто-айналдыру белгішесін қайта түртіңіз.
(3)
Кірістірілген микрофондар (2) Дыбыс жазады.
(4)
Қуат түймесі
●
Планшет өшірулі болғанда, қосу үшін түймешікті
басыңыз.
●
Планшет қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті басып қалыңыз.
●
Планшет ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығару
үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Планшет жауап қатпаса және Windows
®
 жүйесінің өшіру
процедуралары көмектеспесе, планшетті өшіру үшін қуат
түймешігін кем дегенде 5 секунд басып тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз. Шебер түймелерді көрсету үшін сенсорлық
экранның оң жақ шетінен сипаңыз, Іздеу белгішесін түртіп,
іздеу жолағын түртіңіз. Іздеу жолағына қуаттеріп, Қуат
және ұйқы параметрлері және бағдарламалар тізімінен
Қуат және ұйқы таңдаңыз.
62-тарау Планшетпен танысу










