User Manual (Windows Embedded)
Планшет параметрлерін өзгерту
Басқару тақтасын ашу
Мына әдістердің кез келгені арқылы басқару тақтасын ашуға болады:
▲
Тапсырмалар тақтасындағы Windows белгішені тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз және
мәзірден Басқару тақтасы таңдаңыз.
КЕҢЕС: Тінтуірдің оң жақ түймесімен басуды сенсорлық экрандағы қажетті орынды түртіп және
ұстап тұрып орындауға болады.
▲
Шебер түймелер жолағын ашыңыз және Параметрлер > Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз.
▲
Бастау экранында Басқару тақтасы теріңіз, содан іздеу нәтижелері ішінде Басқару тақтасы
пайда болған кезде оны басыңыз.
Басқару тақтасының көрінісін өзгерту
Әдепкі басқару тақтасының көрінісі Үлкен белгішелер бойынша болып табылады. Көріністі Санат
режиміне өзгерткіңіз келуі мүмкін.
Басқару тақтасының көрінісін өзгерту:
1. Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы таңдаңыз.
2. Қарау реті мәзірінде Санат таңдаңыз.
3. Үлкен белгішелер бойынша қарауға оралу үшін Қарау реті мәзірінде Үлкен белгішелер
таңдаңыз.
Планшеттің экран жарықтығын реттеу
Экран жарықтығын реттеу үшін:
1. Сенсорлы экранның оң жақ жиегін сипап шебер түймелерді шығарыңыз да, Параметры
(Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
2. Экранның төменгі оң жағында орналасқан Экран белгішесін түртіңіз. Экран жарықтығын
басқаратын тік сырғытпа көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Сондай-ақ, Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде
орналасқан хабарландыру аймағындағы Счетчик питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін түртіп,
Регулировать яркость экрана (Экран жарықтығын реттеу) пәрменін таңдауға және экранның төменгі
жағындағы Яркость экрана (Экран жарықтығы) параметрінің жанындағы сырғытпаны жылжытуға
болады.
Планшеттің бағытын өзгерту
Планшет бағдары немесе көрінісі альбомдық бағдардан портреттік бағдарға немесе портреттік
бағдардан альбомдық бағдарға автоматты түрде өзгереді.
1. Планшет көрінісін альбомдық бағдардан портреттік бағдарға өзгерту үшін:
Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа оң жаққа (сағат тілімен бағыттас) бұрыңыз.
2. Планшет көрінісін портреттік бағдардан альбомдық бағдарға өзгерту үшін:
Планшетті тігінен ұстап, оны 90 градусқа сол жаққа (
сағат тіліне қарсы бағытпен) бұрыңыз.
Планшет параметрлерін өзгерту 9










