User Manual (Windows Embedded)
Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы
мәліметтерді табу
Қатты дискіні табу
Windows Device Manager планшетте орнатылған жабдықты анықтау үшін пайдалануға болады. Device
Manager пайдалану үшін жүйеге Әкімші ретінде кіру керек.
Device manager ашу үшін:
1. Шебер түймелерді көрсету үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипаңыз, Іздеу белгішесін
түртіп, іздеу жолағын түртіңіз.
2. Іздеу жолағына диспетчер устройств (құрылғы менеджері) сөзін жазып, Диспетчер
устройств тармағын түртіңіз.
3. Device Manager бірінші рет қатынасу үшін Құрылғы драйверлерін жаңарту пәрменін Device
Manager терезесін ашу үшін таңдаңыз.
Кейінгі іздеулерде Device Manager қатынасу үшін Device Manager таңдаңыз.
Тізім планшетте орнатылған барлық құрылғыларды көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпарат алу үшін http://www.hp.com/go/hpdm өтіңіз және HP Device
Manager әкімшісінің нұсқаулығын қараңыз.
Компьютерлік бағдарламаларды табу
▲
Планшетте орнатылған бағдарламалық жасақтаманы анықтау үшін Бастау экранында
Қолданбалар экранын көрсету үшін сенсорлы экранның ортасынан жоғары сипаңыз.
Планшетте орнатылған бағдарламалық жасақтаманы жаңарту
Көптеген бағдарламалық құралдар, соның ішінде амалдық жүйе, өндіруші немесе провайдер
тарапынан жиі жаңартылып отырады. Планшет зауыттан шығарылғаннан кейін онда орнатылған
бағдарламалық құралдардың маңызды жаңартулары пайда болуы мүмкін.
Кейбір жаңартулар планшеттің қосымша бағдарламалық құралға немесе сыртқы құрылғыларға жауап
беру жолына әсер етуі мүмкін. Жаңартулардың көбі жақсартылған қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Планшет Интернетке қосылған кезде
планшетте орнатылған амалдық жүйені және басқа
бағдарламалық жасақтаманы жаңартыңыз. Жаңартуларға қатынасу үшін
http://www.hp.com/support
өтіп, еліңізді таңдаңыз. Драйверы и материалы для загрузки (Драйверлер мен жүктеулер) тармағын
басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Аппараттық және бағдарламалық құрал туралы мәліметтерді табу 11










