User Manual (Windows Embedded)

3 Желіге қосылу
Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшет пен сымсыз не сымды желі
байланысын пайдаланып, үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардағы
ақпараттарға қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Планшет келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысыпланшетті корпоративті офистер, үй және
әуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық
орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті
желілерге қосады. WLAN желісінде палншеттегі мобильді
сымсыз құрылғы сымсыз жол
жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
Bluetooth құрылғысы компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер және
камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға қосылу үшін жеке аймақ
желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей байланысады
және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, әдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен 33 фут)
қашықтықта болуы
тиіс.
Сымсыз технология туралы қосымша ақпарат алу үшін Анықтама және қолдау ішінде берілген
ақпаратты және веб-торап сілтемелерін қараңыз. Бастау экранында анықтама теріп, Анықтама және
қолдау таңдаңыз.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз
желілерді басқаруға және желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Саусағыңызды сенсорлы экранның оң жақ жиегінен жылжытып, шебер түймелерді шығарып
алыңыз, Настройки (Параметрлер) тармағын, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы)
тармағын түртіңіз.
2. Желі
және бөлісу орталығы түртіңіз.
HP қолдауына қатынасу үшін
http://www.hp.com/support өтіп, еліңізді таңдаңыз.
HP Cloud Connection Manager
HP Cloud Connection Manager (HPCCM) — HP жұқа клиенттерінің әкімшілеріне стандартты
пайдаланушылар (әкімшілер емес) Windows жүйесіне кірген кезде іске қосылатын виртуалды жұмыс
үстелі клиенттерінің және қосылымдарының автоматты қосылуын теңшеуге мүмкіндік беретін
клиенттік қызметтік бағдарлама.
HP Cloud Connection Manager ашу үшін:
12 3-тарау Желіге қосылу