User Manual (Windows Embedded)
ЕСКЕРТПЕ: Егер ешқандай сымсыз жергілікті желі таңдалмаса, сымсыз жол жоспарлағыштың
немесе кіру нүктесінің қызмет аймағынан тыс болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылу қажет WLAN көрінбесе, шебер түймелерді көрсету үшін Бастау
экранында сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипаңыз, Іздеу белгішесін түртіңіз, Іздеу
жолағын түртіңіз, желі жəне бөлісу теріп, Желі және бөлісу орталығы таңдаңыз немесе
Windows жұмыс үстелінде желі күйі белгішесін түртіп және ұстап тұрып, Желі және бөлісу
орталығын ашу түртіңіз. Жаңа байланыс немесе желі 
орнату түртіңіз. Желіні қолмен іздеу және
оған қосылу немесе жаңа желі байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
4. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, көрсеткішті тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP мобильді кең жолақты модулі планшетке WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN арқылы
Интернетке көбірек орындардан және үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді. HP мобильді
кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып табылатын, (ұялы
байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет етеді. НР мобильді кең
жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей. 
Егер 
планшетте HP Mobile Broadband байланысы болса, ол Жаһандық Аймақ табу Жүйесі (GPS)
функциясымен де жабдықталған. GPS спутниктері орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы
ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге жібереді.
Мобильді желі операторы қызметімен бірге пайдаланғанда, НР мобильді кең жолақты модулі жолда
немесе Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінің қамту аясының сыртында болғанда Интернетке қосылу,
электрондық пошта хабарын жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу
 мүмкіндігін береді.
НР келесі технологияларға қолдау көрсетеді:
●
GSM (Global System for Mobile Communications) телекоммуникация стандартына байланысты
желілердің қолданысын қамтамасыз ететін HSPA (High Speed Packet Access) технологиясы.
●
CDMA (Code division multiple access) телекоммуникация стандартына байланысты желілердің
қолданысын қамтамасыз ететін EV-DO (Evolution Data Optimized) технологиясы.
●
LTE (ұзақ мерзімді эволюция) байланысы LTE технологиясын қолдайтын желілермен жалғайды.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің сериялық нөмірі керек болуы
 мүмкін. Сериялық нөмірі планшеттің артында ойылып
жазылған.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Кейбір планшеттерде орнатылған SIM болады. Егер SIM картасы алдын ала орнатылмаған болса, ол
планшетпен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы ақпаратының ішінде берілуі немесе
мобильді желі 
операторы оны планшеттен бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын салу және шығару туралы ақпаратты алу үшін, осы тараудың 
SIM картасын салу және
шығару (16-бет) бөлімін қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу 15










