User Manual (Windows Embedded)

НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, планшетке енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
SIM картасын салу және шығару
ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты
күш салмаңыз.
SIM картасын алу немесе салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Планшетке жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
3. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
4. Қағаз қыстырғыштың бір ұшын микро SIM саңылауына қол жеткізу тесігіне кіргізіп (1), қол жеткізу
есігін ашыңыз (2).
5. SIM картасын SIM саңылауына енгізіңіз (3), одан кейін оны итеріп, бекітіңіз.
немесе
SIM картасын саңылаудан шығару үшін, картаны қайта басыңыз.
16 3-тарау Желіге қосылу