User Manual (Windows Embedded)

5 HP Unified Write Filter (UWF) ажырату
және қосу
UWF физикалық сақтау тасығышын рұқсатсыз жазу әрекеттерінен қорғайды. Басқару тақтасына
өзгерістер енгізбес бұрын, UWF ажырату керек. Өзгерістерді енгізгеннен кейін, компьютерді қорғау
үшін UWF қайта қосу қажет.
Мына кестеде UWF ажыратудың және қосудың екі әдісі сипатталған.
1-әдіс 2-әдіс
1. Хабарландыру аймағындағы UWF күйі белгішесін
тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз және қажетті
күйді таңдаңыз.
2. Жұқа клиентті қайта іске қосыңыз.
1. HP Unified Write Filter Configuration қызметтік
бағдарламасын ашыңыз.
2. Жалпы қойындысында UWF ажыратуды немесе қосуды
таңдаңыз.
3. Жұқа клиентті қайта іске қосыңыз.
КЕҢЕС: 1-әдіс UWF ажыратудың немесе қосудың ең жылдам жолы болып табылады.
Жазу сүзгісін пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін HP жұқа клиенттеріне арналған Windows
Embedded 8.1 Industry Pro–Әкімші нұсқаулығы қараңыз.
http://www.hp.com/support өтіңіз және еліңізді
таңдаңыз. Үлгіні таңдаңыз, Драйверы и материалы для загрузки (Драйверлер мен жүктеулер)
тармағын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: HP компаниясы стандартты жұқа клиентті пайдалану жағдайлар үшін жазу сүзгісін дұрыс
пайдалануға кеңес береді. Дұрыс пайдалануға стандартты пайдаланушының (әкімші емес)
пайдалануы кезінде UWF қосылғанын және жүйеге қажетті өзгерістер және жаңартулар енгізу үшін
оны тек әкімшілердің уақытша ажырататынын тексеру кіреді. Әкімшілер жаңартулар аяқталған кезде
сүзгіні қайта қосуы қажет.
HP компаниясы әрі жүйе жазудың жоғары
көлеміне қолдау көрсететін сыйымдылығы жеткілікті флэш
жадымен теңшелген болмаса, Windows Page File мүмкіндігін мүлдем қоспауға кеңес береді.
Сыйымдылығы төмен дискілері бар Windows Page File мүмкіндігін пайдалану дискінің мерзімінен
бұрын тозуына, өнімділіктің төмендеуіне және жұқа клиент айналымының төмендеуіне әкеледі.
Егер пайдалану жағдайыңыз жұқа клиенттерді стандартты емес тәртіпте пайдалануды талап етсе,
жұқа клиент құралдарының дұрыс теңшелгенін анықтау үшін HP қолдау қызметіне
хабарласыңыз.
25