User Manual (Windows Embedded)
6 Мультимедиа
Планшетте келесі нәрселер болуы мүмкін:
●
Кірістірілген динамик(тер)
●
Кірістірілген динамик(тер)
●
Кірістірілген веб-камера(лар)
●
Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал
●
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Аудио
HP планшетінде музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде
радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге
болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс
құрылғыларын жалғаңыз.
Дыбысын реттеу
Дыбыс деңгейін дыбыс түймелері арқылы реттеуге болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін
реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта ескертулері
бөлімінен қараңыз. Пайдаланушы нұсқаулықтарына қатынасу үшін, ең соңғы пайдаланушы
нұсқаулығына қатынасу үшін 
http://www.hp.com/support өтіп, еліңізді таңдаңыз. Драйверы и
материалы для загрузки (Драйверлер мен жүктеулер) тармағын басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: дыбыс деңгейін амалдық жүйе және кейбір бағдарламалар арқылы да реттеуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Планшеттегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты Планшетпен
танысу (4-бет) бөлімінен қараңыз.
Құлаққаптарды қосу
Сымды құлақаспаптарды планшеттегі құлақаспаптарға арналған ұяға қосуға болады. Жоғарғы
жағы (5-бет) бөлімін қараңыз.
Планшетке сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды және құлақаспаптарды киер
алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік және
экологиялық ескертпелерден қараңыз.
Планшеттегі аудио функцияларын тексеру
ЕСКЕРТПЕ: Жазу кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, дыбыс
жазуды тыныш жерде орындаңыз.
Планшеттегі дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
26 6-тарау Мультимедиа










