User Manual (Windows Embedded)

Ұйқы режимінен шығу үшін, қуат түймесін басыңыз.
Планшет ұйқы күйінен шыққанда, ол жұмыс тоқтатылған экранға оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер оянған кезде құпия сөз талап етілсе, жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін
енгізу қажет болады.
Қуат өлшегіші және қуат параметрлерін пайдалану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам
кіруге және қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін және Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы қуат
жоспарын экранда көру үшін, қуат көрсеткіші белгішесін түртіңіз.
Қуат параметрлерін пайдалану немесе қуат жоспарын өзгерту үшін қуат өлшегіші белгішесін
түртіп, тізімнен элементті түртіңіз.
Шебер түймелерді көрсету үшін сенсорлық экранның оң жақ
шетінен сипаңыз, Іздеу белгішесін түртіп, іздеу жолағын түртіңіз. Іздеу жолағына қуат теріп,
Қуат параметрлері түртіңіз.
Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері планшеттің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс
істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне жеткенде,
белгіше хабар шығарады.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау
Планшетті ұйқы күйінен шыққанда құпия сөз талап етуге реттеу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Шебер түймелерді көрсету үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипаңыз, Іздеу белгішесін
түртіп, іздеу жолағын түртіңіз.
2. Іздеу жолағына қуат теріп, Қуат параметрлері түртіңіз.
3. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын
таңдаңыз.
4. Изменение
параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді емес
параметрлерді өзгерту) параметрін басыңыз.
5. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия сөзді
өзгерту қажет болса, Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту түртіп,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау
немесе өзгерту қажет болмаса, 6-қадамға өтіңіз.
6. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін басыңыз.
Батарея қуатын пайдалану
Планшет сыртқы айнымалы ток қуатына жалғанбаған кезде ол батареяның қуатымен жұмыс
атқарады. Қуатты басқару параметрлеріне, ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына,
компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты планшет
батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. Планшет АТ көзіне қосылғанда, батарея зарядталады
және қуат үзіліп қалған жағдайда жұмысыңызға қауіп төнбейді. Планшет батареясы қуатталған болса
және
сыртқы айнымалы ток қуаты іске қосылса, планшет айнымалы ток адаптері ажыратылғанда
немесе айнымалы ток қуатының берілуі тоқтатылғанда, батарея қуатын автоматты түрде қосады.
Қуат параметрлерін орнату 29