User Manual (Windows Embedded)
ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде, батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін,
дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Қосымша ақпаратты
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін
пайдалану (31-бет) бөлімінен қараңыз.
Зауытта пломбаланған батарея
Батареяны тексеру құралы ішкі ұяшық дұрыс зарядталмаған кезде немесе батареяның сақтау
сыйымдылығы әлсіз күйіне жеткен кезде батареяны ауыстыру қажеттілігін хабарлайды. Егер
Батареяны тексеру құралы батареяны ауыстыру қажеттілігін көрсетсе, қолдау қызметіне
хабарласыңыз.
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды
тез бітетін
болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз.
Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын
ережелерді орындаңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
Батарея мәліметтеріне қатынасу үшін:
1. Меңзерді тапсырмалар тақтасының шеткі оң жағында, хабарландыру аймағында Windows жұмыс
үстеліндегі қуат өлшегіші белгішесіне апарыңыз.
2. Қуат өлшегіші белгішесін басып, қажетті қуат параметрін таңдаңыз.
Қалған батарея зарядын көрсету
▲
Windows жұмыс үстеліндегі хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ
шетінде орналасқан қуат өлшемдері белгішесін басыңыз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның қуат аяқталу уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп қуатсыздану уақыты батареяның сақтау
сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батарея жұмысын ұзарту үшін, дисплейдің жарықтығын азайтыңыз.
Төмен батарея деңгейлерін басқару
Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды. Кейбір
батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры электропитания (Қуат
параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады. Параметры электропитания (Қуат параметрлерін)
қолдану басымдықтарының жиынтығы шамдарға әсер етпейді.
1. Шебер түймелерді көрсету үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипаңыз, Іздеу белгішесін
түртіп, іздеу жолағын түртіңіз
.
2. Іздеу жолағына питание (қуат) сөзін теріп, Параметры питания (қуат параметрлері) тармағын
түртіңіз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Планшеттің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея
шамы жыпылықтайды.
30 7-тарау Қуатты басқару










