User Manual (Windows Embedded)
●
Windows жұмыс үстелінде, хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіштің белгішесі төмен немесе
өте төмен заряд деңгейін көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат өлшегіші және қуат
параметрлерін пайдалану (29-бет) бөлімін қараңыз.
Қосылған немесе күту күйіндегі планшет қысқа уақытқа ұйқы күйіне еніп, одан кейін өшеді. Барлық
сақталмаған ақпарат жоғалады.
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
▲
Мына құрылғылардың біреуін жалғаңыз:
●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен
батарея деңгейін шешу
Қуат көзі болмаса және батарея қуатының деңгейі төмен болса, жұмысыңызды сақтап, планшетті
өшіріңіз.
Батарея қуатын үнемдеу
●
Шебер түймелерді көрсету үшін сенсорлық экранның оң жақ шетінен сипаңыз, Іздеу белгішесін
түртіп, іздеу жолағын түртіңіз. Іздеу жолағына қуат теріңіз, Параметрлер түртіп, Қуат
параметрлері түртіңіз.
●
Қуат параметрлері арқылы қуат үнемдеу параметрін таңдаңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды және LAN байланыстарын өшіріңіз.
●
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған
кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Экран жарықтығын азайтыңыз.
●
Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін қосыңыз немесе планшетті өшіріңіз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда планшет батареясын зарядтамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін, планшетпен бірге
жабдықталған айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз еткен ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін
немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату
нұсқаулары парақшасынан қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
Төмендегі жағдайлар орын алса, компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
Қуат параметрлерін орнату 31










