User Manual (Windows Embedded)
8 Қауіпсіздік
Планшетті қорғау
Windows амалдық жүйесі және Computer Setup арқылы берілген стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері
жеке параметрлеріңізді және деректерді әртүрлі қауіптерден қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты әрекет ету үшін жасалған. Бұл
сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Планшетті қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпия файлдардың сақтық
көшірмелерін жасап, файлдарды және құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл тарауда сипатталған кейбір функциялар планшетте болмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Планшет Ең жоғарғы дерек қорғау бағдарламасын қолдайды. Егер планшет жоғалса
немесе ұрланса, оның тұрған орнын анықтап, бекітіп тастауға болады және жеке деректерді алыстан
құртуға болады. Планшет Интернетке қосылып тұруы тиіс.
Планшет үшін қауіп-қатер Қауіпсіздік мүмкіндігі
Computer Setup параметрлеріне және басқа жүйені анықтау
ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup ішіндегі BIOS әкімші құпия сөзі*
Рұқсатсыз қосымша сыртқы флэш драйвынан бастау Computer Setup құралындағы жүктеу опциялары
Пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз
пайдалану
Windows пайдаланушы құпия сөзі
Компьютердің рұқсатсыз алынып тасталуы Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге пайдаланылады)
*Computer Setup — амалдық жүйе істемеген кезде немесе жүктелмеген кезде
 пайдалануға болатын алдын ала орнатылған,
ROM жадына негізделген қызметтік бағдарлама.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — планшет ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер
Windows жүйесінде немесе планшетте алдын ала орнатылған Computer Setup арқылы тағайындалады.
●
Орнату құпия сөздері Computer Setup утилитасында орнатылып, жүйенің BIOS бағдарламасы
арқылы басқарылады.
●
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
Құпия сөздерді жасау және сақтау 
үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
●
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
●
Бір құпяисөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз және Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен вебсайттар үшін қолданбаңыз.
Планшетті қорғау 33










