User Manual (Windows Embedded)

HP құпиясөз менеджерін қолданып, барлық қолданушы атаулары мен веб-сайттар мен
қолданбалар үшін жасалған құпиясөздерді сақтаңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте оларды
қауіпсіз оқуыңызға болады.
Құпия сөздерді планшеттегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows және BIOS әкімшілік құпия сөздерінің тізімі және
олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі*Windows әкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows әкімші құпиясөзін тағайындау BIOS
әкімші құпиясөзін тағайындамайды.
Пайдаланушының құпия сөзі*Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын
рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
*Бастау экранынан Windows әкімші құпия сөзін немесе Windows пайдаланушы құпия сөзін орнату туралы мәлімет алу үшін
Анықтама және қолдау кіріңіз. Анықтама және қолдау қатынасу үшін
Бастау экранына анықтама теріп, Анықтама және
қолдау таңдаңыз.
Computer Setup ішінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
*Осы құпия сөз туралы мәлімет үшін мына тақырыптарды қараңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық
қалқан планшетке және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және
бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
Хостқа негізделген желіаралық қалқантек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
Желіге негізделген желіаралық
қалқандар —DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің
арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп
пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның
параметрлерін қайта реттеңіз. Мәселені уақытша шешу үшін, желіаралық қалқанды уақытша өшіріп,
орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды қайта қосыңыз.
34 8-тарау Қауіпсіздік