User Manual (Windows Embedded)
9 Күтім
Планшетті тазалау
Тазалау өнімдері
Планшетті қауіпсіз түрде тазалау және дезинфекциялау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз:
●
Диметил бензиль амоний хлоридінің ең көп дегенде 0,3 пайыз концентрациясын (Мысалы: бір рет
пайдаланылатын зарарсыздандырғыш сүркіштер. Бұл сүрткілердің бренд атаулары әртүрлі
болады.)
●
Спирті жоқ әйнек тазалағыш сұйықтық
●
Жұмсақ сабын қосылған су
●
Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ шүберек)
●
Жұмсақ 
шүберек сүрткілер
ЕСКЕРТУ: Келесі тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз:
Спирт, ацетон, аммоний хлорид, метилен хлорид және гидрокарбонат сияқты күшті тұнбалар планшет
бетін түбегейлі зақымдайды.
Планшетті сызаттауы мүмкін қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар. Уақыт өткенде, кір және
тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау қадамдары
Планшетті қауіпсіз тазалау үшін осы бөлімде берілген нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы құралды
тазаламаңыз:
Планшетті өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Планшет бетіне тазарту заттары немесе сұйықтарды тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен
сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз әйнек тазалау құралына малынған шүберекпен жайлап
сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оны құрғатып алу керек.
Компьютердің шеттері мен қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары мен қақпағын тазалау және зарарсыздандыру үшін, жоғарыда аталған тазалау
сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет
пайдаланылатын бактерицидті сүркіні пайдаланыңыз.
36 9-тарау Күтім










