User Manual (Windows Embedded)

10 HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК
құралын диагностикалау)
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP ДК құралын
диагностикалау) қызметін пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл
құрал планшеттің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық
сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және
амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық
құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
Сенсорлық экран арқылы HP PC Hardware Diagnostics UEFI іске қосу үшін:
1. Егер планшет ажыратылмаған болса
, оны өшіріңіз.
2. Планшетті қосу үшін, Қуат түймесін басып, Дыбыс деңгейін азайту түймесін басыңыз.
3. Жүйе диагностикалары тармағын таңдаңыз.
4. Орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, экранды
түртіңіз.
Пернетақта арқылы HP PC Hardware Diagnostics UEFI іске қосу үшін:
1. Планшетті қосыңыз немесе қайта іске қосыңыз, планшеттегі ESC түймесін жылдам басып, f2
басыңыз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды үш орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы
ақпаратты
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу (40-бет)
бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
2. Диагностикалау құралы ашылғанда, пернетақтадағы көрсеткі пернелердің көмегімен
орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP ДК құралын диагностикалау) қызметін пайдалану 39