User Manual (Windows Embedded)
1 Қош келдіңіз
Планшеттің параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына әрекеттерді орындау маңызды:
●
Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows Негіздері нұсқаулығын
оқыңыз.
●
Интернетке қосылу—Интернетке қосылу үшін, сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша
ақпаратты
Желіге қосылу (12-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Планшетпен танысу—Планшет мүмкіндіктері туралы мәліметтер алыңыз. Қосымша ақпаратты
Планшетпен танысу (4-бет) және Түрту қимылдарын пайдаланып шолу (18-бет)
бөлімдерінен қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу—Планшетте алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Қолданбалар экранын ашу үшін, Бастау экраны арқылы сенсорлы экранның ортасынан
саусағыңызды жоғары қарай жылжытыңыз. Планшетпен бірге сатылатын бағдарламалық
құралды пайдалану туралы толық ақпаратты өндірушінің нұсқаулығынан қараңыз. Нұсқаулық
бағдарламалық құралмен бірге жабдықталуы немесе өндірушінің веб-сайтында болуы мүмкін
.
1










