User Guide - Windows 7

1
Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
Интернетке қосылуИнтернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты
Желіге қосылу (15-бет) бөлімінен қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңартувирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану (57-бет) бөлімінен қараңыз.
Компьютермен танысукомпьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін,
Компьютермен танысу (4-бет) жəне Пернетақта, сенсорлы
тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау (21-бет) бөлімдерін
қараңыз.
Орнатылған бағдарламалық құралды табукомпьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармақтарын таңдаңыз.
Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақ
паратты
бағдарламалық құралдың өндірушісі берген нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар
бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз
. Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне
қалпына келтіру (66-бет) бөлімін қараңыз.
1