User Guide - Windows 7

ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің пернетақтасында сымсыз байланыс түймешігі, сымсыз байланыс
қосқышы немесе сымсыз байланыс пернесі болуы мүмкін. «Сымсыз байланыс түймешігі»
термині осы нұсқаулықта сымсыз байланысты басқару элементтерінің барлық түрлерін
білдіреді.
HP Connection Manager құралының көмегімен сымсыз байланыс құрылғыларын өшіру үшін
Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы HP
Connection Manager белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, керекті құрылғының
жанындағы қуат түймешігін басыңыз.
-немесе-
Пуск (Бастау)
> Все программы (Барлық бағдарламалар) > Производительность и
средства (Өнімділік жəне құралдар) > HP Connection Manager (НР Қосылу жөнінде
көмекші) тармақтарын, одан кейін керекті құрылғының жанындағы қуат түймешігін
басыңыз.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз
құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз
байланыс шамы (ақ) жанып тұрады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғыларды
ң емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы
қосылған. Егер сымсыз байланыс шамы өшірулі жанып тұрса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс
шамы сары жанып тұрады.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға,
сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік
береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
Пуск (Бастау) > Панель Управления
(Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне
Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақ пайдалануды
басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу мақсатымен Анықтама жəне қолдау орталығына кіру үшін,
Пуск (Бастау) >
Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрмендерін таңдаңыз.
WLAN құрылғысын қолдану
WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы
байланыстырылған басқа компьютерлерден жəне қосалқы құралдардан құрылған сымсыз
жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз жол жоспарлағышы жəне сымсыз кіру нүктесі жиі өзара ауыстырылатын
күйде қолданылады.
16
3-тарау Желіге қосылу