User Guide - Windows 7

Корпоративтік немесе жалпы WLAN желісі сияқты кең ауқымды WLAN жүйесі əдетте,
көптеген компьютерлер мен қосалқы құралдарды қамтамасыз етіп, критикалық желі
функцияларын бөле алатын, сымсыз кіру нүктелерін пайдаланады.
Үйдегі немесе шағын кеңседегі WLAN жүйесі əдетте бірнеше сымсыз немесе сымды
компьютерлерге Интернет байланысы, принтерді жəне файлдарды аппараттық немесе
бағдарламалық құралдардың қосымша бөліктерін талап етпестен ортақ пайдалануға
мүмкіндік беретін сымсыз жол жоспарлағышын пайдаланады.
Компьютерде WLAN құрылғысын қолдану үшін, WLAN инфрақұрылымына (қызмет провайдері
немесе қоғамдық не біріккен желі арқылы
берілген) қосылу қажет.
Интернет провайдерін пайдалану
Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын
орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет
провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз
компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге
көмектеседі.
ЕСКЕРТПЕ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен
құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Сымсыз желіге қосылу
17