User Guide - Windows 7

5
Мультимедиа
Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін:
Кірістірілген үндеткіш(тер)
Кірістірілген үндеткіш(тер)
Кірістірілген веб камера
Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату,
жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері
болу мүмкін:
Медиа түймешіктері
Медиа жылдам пернелері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер)
Медиа пернелері
Аудио
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға,
вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа
файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін,
үндеткіштер немесе құлақ
аспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына (немесе
дыбыс шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін,
Дыбысты HDMI көмегімен
реттеу (31-бет) бөлімін қараңыз. Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгейін мыналарды пайдаланып реттеуге
болады:
Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын
арнайы пернелер)
Дыбыс деңгейі пернелері
Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану
27