User Guide - Windows 7

2. Кабельдің екінші ұшын видео құрылғысына жалғаңыз.
3. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз:
Компьютер экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер
мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі ө
згереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нəтижелер үшін «Кеңейтілген» мүмкіндігі пайдаланылған кезде, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын реттеу мақсатымен келесі əрекеттерді орындаңыз: Пуск
(Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оформление и персонализация (Безендіру
жəне даралау) тармақтарын таңдаң
ыз. Дисплей санатынан Регулировать разрешение экрана
(Экран ажыратымдылығын реттеу) пəрменін таңдаңыз.
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу
HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты
аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, əдепкі
аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз:
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы
Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Цифровой выход (Сандық шығыс) немесе
Цифровое устройство вывода (HDMI) (Сандық шығыс құрылғысы (HDMI)) параметрін
таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию
(Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін
басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Бейне
31