User Guide - Windows 7

USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз.
Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық
болуы мүмкін.
Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі.
ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер
құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
USB құрылғысын шығарып алу
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін USB құрылғысын шығарып алған кезде
оны сымынан тартпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Деректер жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында USB
құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
1. USB құрылғысын шығарып алу үшін, ақпаратты жауып, құрылғымен байланысты барлық
бағдарламаларды жабыңыз.
2. Windows жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы жабдықты шығару белгішесін басыңыз, одан кейін экрандағы
нұс
қауларды орындаңыз.
3. Құрылғыны шығарып алыңыз.
44
7-тарау Сыртқы карталар мен құрылғылар