User Guide - Windows 7

Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін
немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін:
ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының
өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз.
2. Егер қуатты құрылғыны жалғаған болсаңыз, оның қуат сымын жерге қосылған ток көзіне
қосыңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құ
рылғыны өшіріп, одан кейін оны
компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын суырыңыз.
Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану
Алынатын сыртқы дискілер мəліметтерді сақтау жəне оларға кіруге арналған мүмкіндіктер
санын ұлғайтады. USB жинақтағыш дискісін компьютердегі USB портына жалғау арқылы қосуға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP сыртқы USB оптикалық дискілерін қуатқа қосылған компьютердегі USB
портына (тек таңдаулы үлгілерде) жалғау керек.
USB дискісінің мынадай түрлері бар:
1,44 мегабайттық дискета салғыш
Қатты диск модулі
Сыртқы оптикалық диск (CD, DVD жəне Blu-ray)
MultiBay құрылғысы
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану
45