User Guide - Windows 7

Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні орнату үшін:
1. Қатты дискінің кабелін қайта жалғау үшін қатты дискті диск орнына салып (1),
пластмассалық ілгегінен тартыңыз (2). Қатты дискті қайта қосу үшін қосқышты басыңыз (3).
2. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
немесе қайта қою (47-бет) бөлімін қараңыз).
3. Батареяны салыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу (37-бет) қараңыз).
4. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
5. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан,
қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын
баяулатады. Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі
үшін, Disk Defragmenter (Диск
дефрагментаторы) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта
біріктіреді (немесе физикалық түрде қайта орналастырады).
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс
істету қажет емес.
50
8-тарау Дискілер